Сәрсенбі күні Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

Сәрсенбі күні Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Фото: Константин Шелков

10 мамырда өңірде жел болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағаймен жаңбыр жауады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстіктен жел күтіледі, өңірдің солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр болжанады. 

Түнде температура +5...+10°C, күндіз + 17...+22°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.