Павлодар облысында мас такси жүргізушілері адам тасымалдаған

Павлодар облысында мас такси жүргізушілері адам тасымалдаған
Фото: pixabay.com

Барлық мас жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  тек бір тәуліктің ішінде төрт такси жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген, клиенттерді тасымалдау кезінде 20 адам ұялы телефонмен сөйлескен. 

– Кейбір тасымалдаушылар жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамады, маневр жасау ережелерін бұзды, міндетті сақтандыруды ресімдемеді, ал жеті такси жүргізушісі техникалық тексеруден өтпеген автомобильдерде жолаушыларға қызмет көрсетті, – деп хабарлады департаментте.

Екібастұзда Энергетиктер көшесінде «Mercedes-benzc 200» жүргізушісі мас күйінде InDriver платформасында жеке тасымалдаумен айналысқан. Павлодарда такси жүргізушісі ВАЗ-21120 маркалы автокөлікпен клиенттерді тасымалдаған. 

Материалдар сотқа жіберілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.