Телефонмен сөйлескен: Павлодарда такси жүргізушісі жазаланды

Телефонмен сөйлескен: Павлодарда такси жүргізушісі жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері өңірде телефонмен сөйлескен 1599  жүргізуші анықталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда Police.102 қосымшасына қала тұрғынынан такси жүргізушісі көлік жүргізу кезінде телефонда отырғаны туралы шағым түскен.  

–  Ол телефонды алып тастау туралы өтінішке ашуланған және өз әрекетін әрі қарай жалғастыра берген. Полиция қызметкерлері көлік құралын жүргізу  кезінде телефонды пайдаланғаны үшін жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлады департаментте. 

Тәртіп сақшысы автокөлік жүргізушілеріне көлік жүргізіп келе жатқан кезде телефонмен сөйлесуге ғана емес, сонымен қатар SMS жазуға, мессенджерлерде сөйлесуге, әлеуметтік желілерде отыруға, поштаны тексеруге тыйым салынатынын еске салады. Яғни, смартфонды қолға алуға тыйым салынады.