Truwer «жапонша» альбом шығарды
Ол 2023 жылды осылайша қорытындылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Truwer деген лақап атпен белгілі павлодарлық әртіс Саян Жимбаевтың жаңа туындысы бес тректен тұрады. Альбом жапон тілінен «Артта» деп аударылады, онда самурай эстетикасы айқын көрініс берген. Тағы бір павлодарлық рэпер Niman және Malcom Kush альбомға қатысты.
Truwer Павлодарда туған. Музыкант жапон мәдениетін бұрыннан таныс. Музыкадан бөлек, ол кекушинкай-каратэмен айналысқан. Тіпті бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанған. Алайда турнирлердің бірінде Саян Жимбаев жарақат алып, спортпен қош айтысқан.
Кейін ол Әділ Жалеловпен (Скриптонит) танысып, бұл таныстық оның тағдырына ерекше әсер етіп, Саян Жимбаев музыка әлемін негізгі кәсібі ретінде таңдайды.
Жазда Truwer Павлодардың Орталық стадионында «Ақсу» мен «Ақтөбе» арасындағы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының матчы алдында концерт қойды.