Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қақты

Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қақты
Фото: Константин Шелков

Полицейлер тергеуді ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 қарашада «Павлодар-Шарбақты» автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді.  Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде «Фольксваген Гольф» көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

– Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, –деді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Еске сала кетейік, Аққулы ауылының маңында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі жан тапсырды.