Тереңкөл ауданының барлық үйлеріне таза ауызсу қашан жетеді?

Тереңкөл ауданының барлық үйлеріне таза ауызсу қашан жетеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәселенің шешімі келесі жылда табылуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ағымдағы жылы Песчаное ауылында таза ауызсумен жабдықтау саласында бір жоба іске асырылуда. 2800 тұрғыны бар ауылда су құбырын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтовтың сөзінше, екі жылдық жобаның құны – 2 миллиард 300 миллион теңге.

– Жалпы Песчан ауылында тазартқыш фильтрациясымен су құбыры бар. Ауылдағы үйлердің 80 пайызына су тартылды, – деді Азамат Маңғұтов.– 2023 жылы су құбырларды өткіздік. Енді келесі жылы екі жылдан кейін сол көшелерге асфальт саламыз. 

Аудан әкімі жоба бойынша біраз қиындықтар болғанын жасырмады. 

– Жұмыстар кестеге сәйкес өткізілмеді. Бүгінгі күні Павлодар өңірінен жақсы компаниялары жобаға кірісті. Енді 100 пайыз аяқтамасақ та, барлық жұмыстарды максималды түрде тәмамдауға тырысамыз. Су құбырын іске қосу-жөндеу жұмыстарын қараша-желтоқсан айларында, яғни аяз түскеннен кейін көктемге дейін тоқтата тұру керек, – деді Азамат Маңғұтов.

Ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Воронцовка ауылында кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Аталмыш екі жоба аяқталса, аудан бойынша таза ауызсу мәселесі толығымен шешіледі.