Павлодарда жұмысшы мамандық иелеріне арналған ерекше билбордтар орнатылды

Павлодарда жұмысшы мамандық иелеріне арналған ерекше билбордтар орнатылды
Фото: Константин Шелков

20 билборд Жұмысшы мамандықтар жылы аясында пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Басты мақсат – өндірістік саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және еңбегін насихаттау.

– Ерке Ертістің жағасындағы Павлодар – Қазақстанның өндірістік жүрегі. Бұл қалада өз ісінің нағыз шеберлері еңбек етеді. Олар – қаланың дамуындағы басты қозғаушы күш. Жоғары кәсібилік пен адал еңбек арқылы өңірдің өркендеуіне үлес қосып келеді. Сондықтан кәсіби шеберлерге билбордтар арқылы шын жүректен алғыс білдірдік, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінде.

Айта кетейік, бұл бастама еңбек адамына деген құрметті арттырып, жас буынды жұмысшы мамандықтарға баулуға бағытталған.