Тереңкөл ауылындағы қайғылы жағдай туралы тың деректер айтылды

Тереңкөл ауылындағы қайғылы жағдай туралы тың деректер айтылды
Фото ашық дереккөзден

Қанды оқиға ағымдағы жылдың 4 сәуірінде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шақырту Тереңкөл ауылындағы үйлердің бірінен сол күні тәңертең түскен.

Оқиға орнынан 62 жастағы әйелдің өлі денесі табылған. Оның іші мен мойнында көптеген пышақ жарақаттары болған. Дәрігерлер марқұмның биологиялық өлімін растады.

Ақ желеңділер қайғылы оқиғаға қатысы бар екінші адамды да сол жерден тапқан. Жарақат алған 35 жастағы ер адам Тереңкөл аудандық ауруханасына жеткізіліп, ота жасалды.

Ер адам анасын пышақтап өлтіргенін, кейін өзін – өзі өлтірмек болғанын айтқан.

Еске сала кетейік, Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Ринат Мадин қанды қылмысты растады.

- Өкінішке қарай, ауданда осындай қайғылы оқиға орын алды. Ұлы анасын пышақтап өлтіріп, артынан өзіне де пышақ салған. Қазір жігіт ауруханада жатыр. Ота жасалды, - деді ол.

Қазіргі таңда отбасылық трагедияға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.