Павлодар облысында жүк көлігі мен автокөлік соқтығысты

Павлодар облысында жүк көлігі мен автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда сағат 12.15-те Омбы - Майқапшағай автожолында, Жаңа қала ауылының маңында «Volvo» маркалы жүк көлігі «HAVAL» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «HAVAL» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.