The Brookln Екібастұзда концерт береді
Музыкалық кеш «Кеншілер» қалалық саябағында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Концерт 11 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Кештің арнайы қонағы – The Brookln.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрермендерді танымал әндер, мерекелік атмосфера және ашық аспан астындағы концерттік бағдарлама күтеді.
Музыкалық кешке кіру тегін.