Павлодарлықтар Баянауылдың көрікті жерлерін фотокөрмеден тамашалай алады
Көрмеде жергілікті фото майталманның туындылары қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
3 мамырда сағат 15:00-де Д.П.Багаев музей үйінде Александр Пархоменконың 65 жылдығына арналған «Баянаул – край легенд» атты жеке фотокөрмесі ашылады.
– Александр Пархоменко педагогикалық институттың студенті болған кезде балалар фотостудиясын құру туралы ойлап жүрген еді. 1980 жылы облыстық пионерлер сарайында сол ойын жүзеге асырып, «Фотон» студиясын ашты. Александр Пархоменко балаларды тек суретке түсіріп, басып шығаруды ғана емес, сонымен бірге шынайы фото жасауды да үйретті,– деді музейде.
Александр Пархоменконың әрбір жұмысында өмір тынысын сезінуге болады. Оның суреттері жанр классикасына айналған ақ-қара стилімен ерекшеленеді.
Көрме 30 мамырға дейін жалғасады.