Цифрлық күзет: жеке деректер Конституциямен қорғалатын құндылыққа айналмақ

Цифрлық күзет: жеке деректер Конституциямен қорғалатын құндылыққа айналмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәжіліс депутаты адамның дербес мәліметтерін заңсыз пайдаланудан қорғауды заң деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов жеке деректерді қорғауға арналған бапты қолдады. 

– Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар, олар ҚР Конституциясында бекітіліп, мемлекет тарапынан кепілдендірілуі тиіс, себебі бұл – адамның ең құнды жеке бостандықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін құндылықтар: өмірге және жеке қауіпсіздікке құқық, жеке және отбасы өмірінің игіліктері, моральдық және рухани кедергісіздік, өмірін, бостандығын, жеке тұлға ретінде абыройын қорғауға қажеттіліктер, – деді депутат.

Марат Башимовтың айтуынша, жеке құқықтар мен бостандықтардың негізгі мәні конституциялық формуладан туындайды: «Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылықтары». 

– Адамның жеке өмірі оның өз жеке өмірінің қоғамға немесе мемлекетке жариялағысы келмейтін аспектілерінен тұрады. Бұл – жеке тұлғаның ерекше тәуелсіздігі, қоғам мен мемлекет бақылауына жатпайды, – деді спикер.

Мұнда жеке деректердің заңсыз жинақталуы, өңделуі, сақталуы және қолданылуынан бостандық туралы сөз болып отыр, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы өңделетін деректерді де қамтиды. 

– Бұл жеке құқықтар мен бостандықтар тобы жеке және отбасы өмірінің қорғалуы үшін кепілдік береді: жеке өмірге, жеке және отбасы құпиясына қол сұғылмаушылық құқығы. Жеке бостандыққа конституциялық құқықтың құрамына осы құқықтар тобына әр адамның жеке деректерді заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдалануынан, соның ішінде цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асатын әрекеттерден қорғалу құқығы сияқты маңызды нормаларды енгізу керек, – деп атап өтті депутат.

Марат Башимов Қазақстан заңнамасында жеке деректерді қорғауға бағытталған нормалар бар екенін еске салды. Мысалы, ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабында меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалардың шектеулі қолжетімді жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге және субъектінің келісімінсіз немесе заңды негізсіз оларды таратуға жол бермеуге міндетті екендігі көрсетілген. Биометриялық деректердің құпиялылығы бөлек бекітілген.

Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 148-бабының 1-бөліміне сәйкес, жеке өмір құпиясын заңсыз бұзу дерегі екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады. Бұл ретте кәсіби құпиялар мәселесіне де баса назар аударылып отыр.

Марат Башимов белгілі бір мамандық иелеріне азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сеніп тапсырылған жеке және отбасылық мәліметтерді кәсіби құпия ретінде қарастыру қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, бұл санатқа дәрігерлік, адвокаттық, нотариалдық әрекеттер мен алдын ала тергеу құпиялары, сондай-ақ діни тәртіптегі сырлар мен өзге де маңызды мәліметтер жатады.