ТЖМ Майқайыңдағы арнайы операцияның аяқталу мерзімін айта алмады

ТЖМ Майқайыңдағы арнайы операцияның аяқталу мерзімін айта алмады
Фото: Валерий Бугаев

Шахтада құтқарушылар қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Ал экскаватор шұңқырдан топырақты ілулі күйінде шығарып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «Майқайыңалтын» кенішіндегі құтқарушылардың жұмысына қатысты пікір білдірді.

– Жағдай өте қиын әрі күрделі, – деп атап өтті Бауыржан Сыздықов. Мамандар автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Құрылғы шынымен де металл бар екенін көрсетуде. Бірақ, өкінішке орай, бұл металдың астында, мүмкін, тіпті автобуста, бос орын бар.

Вице-министрдің айтуынша, ауа температурасының нөлден төмен болуы құтқарушылар мен мамандандырылған ұйым қызметкерлерінің өміріне қауіпті. Жердің құлау қаупі әлі де бар. 

– Шұңқыр жағынан біз автобустың жоспарланған орнына кіруге мүмкіндік беретін жабдықты бердік. Кеше бес текше метрлік экскаваторға рұқсат етілді. Аспалы күйде ол автобус белгіленген жерден топырақ алды,– дейді вице-министр. 

Минстр жүргізіліп жатқан бірегей операцияның күрделілігіне байланысты оның аяқталу күні мен уақытын атау мүмкін еместігін мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 қаңтар күні сағат 14:45-те опырылған жердің түбіне шағын экскаватор түскен болатын. Топ жұмыс құжаттары мен жол журналы бар құтқару сөмкесін, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі бар автобус корпусының бір бөлігін тапты.

Іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, бір кинолог және екі дрон жұмылдырылған. Операция басталғаннан бері олар 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстарын шығарған.