Уақыт сынынан өткен дәм: Павлодарлық командир әскери ботқаның рецептін айтты

Уақыт сынынан өткен дәм: Павлодарлық командир әскери ботқаның рецептін айтты
Фото: Константин Шелков

Әскери қызметшілердің білетіні – ең дәмді ботқа ашық отта дайындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Отан алдындағы борышын өтеген әр азамат үшін бұл тағамның дәмі жақсы таныс. Ботқа әскери бауырластықтың белгісіне айналған. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары Рахметолла Халимов мінсіз тағамды дайындаудың тәсілін біледі. Себебі, өзі талай сарбаз үшін ботқа әзірлеп, әскери асхананың басы-қасында жүрген.

Классикалық әскери рецепт қарапайым: қарақұмық жармасы, ет консервілері, пияз, сәбіз, тұз, бұрыш және сары май. Соңғы құрамдас бөлігі ботқаны дәмді әрі құнарлы етеді.

– Ас мәзіріндегі негізгі азық қатаң есептеледі: таңғы асқа – тәуліктік калория мөлшерінің 30-35 пайызы, түскі асқа – 40-45, ал кешкі асқа 20-30 пайызы бөлінеді. Күз және қыс мезгілінде мәзірге тартылған еттен қосылады, – дейді Рахметолла Халимов.

Әскери асханада уақыт сынынан өткен ас әзірлеу тәсілдері бағаланады. Рецепт қарапайым: бар болғаны қарақұмық ботқасы мен ет консервісі қажет. Дегенмен, бұл жай ғана тамақ емес, ботқа сарбаздар үшін нағыз қуат көзі.

– Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жеке құрам үшін тек белгілі бір жармалардан тағам дайындалады: қарақұмық, сұлы, арпа, тары, бидай, күріш. Барлығы жоғары немесе бірінші сұрыпты болуы шарт. Сондай-ақ, бұршақ тұқымдастар бар. Ас әзірлеуде бұршақ пен фасоль қосылады. Әрине, ең дәмді ботқа – дала асханасында дайындалған тағам. Оның дәмінде нағыз әскери өмірдің рухы бар, – дейді Рахметолла Халимов.

Қатаң нормаларға қарамастан, әскери ас мәзірі мереке күндері өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, соңғы жылдары сарбаздар үшін сүтті ботқалар да әзірлене бастады. Ал мамырдағы мерекелерде павлодарлықтар да ботқадан дәм тата алады.

– Отан қорғаушылар күні біз дәстүрлі әскери тағамдармен шектелмейміз. Қуырдақ, бешбармақ, палау, лағман және жұмсақ таба нан дайындап, жауынгерлерді қуантуға тырысамыз. Бауырсақ та мерекелік дастарханның төрінен орын алады. Осылайша, ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, оларды ас мәзіріне енгіземіз, – дейді Рахметолла Халимов.

Күнделікті әскери мәзір мұқият ойластырылған: ет, бірінші және екінші сұрыпты ұннан жасалған нан, жартылай қақталған шұжық, ірімшік, балық, көкөністер мен жемістер, айран, қаймақ, сүзбе. Ас мәзірін әскери бөлімнің азық-түлік және медициналық қызмет мамандары, асхана басшылығы және бас аспазшы жасайды. Яғни, мәзірдегі ас тек қоректік нормаларға ғана емес, қызмет талаптарына сай болуы қажет.

Әскер – тек қызметтегі емес, асханададағы да тәртіп. Сол себепті, Отан қорғайтын жуынгерлердің уақытында әрі сапалы тамақтануы маңызды міндеттердің қатарында.