7 қарашада Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз сынап бағанасы -3...+2 °C-ты көрсетеді. Қар аралас жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады.
Павлодарда ауа температурасы 0...+2 °C-қа дейін көтеріледі. Бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.