Биыл Павлодар облысында алғашқы болып құйтақандай қыз бала туды
Салмағы – 1,9 келі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерекелік үш күнде облыс бойынша туған балалардың саны – 64. Оның 35-і – қыз, 29-ы – ұл.
– 31 желтоқсан күні облыста 10 қыз, тоғыз ұл жарық дүние есігін ашқан. Оның үшеуі Екібастұзда, қалғандары облыс орталығында туған. Ең алып баланың салмағы 4,6 килограмды құрайды, жынысы – ер бала. Ал ең кішкентайының салмағы – 2,6 килограмм, жынысы – қыз бала, – дейді басқармада.
1 қаңтар күні өңірімізде 22 сәби дүниеге келген, оның 11-і – қыз, 11-і – ұл. Сәбилердің жетеуі – Екібастұзда, біреуі – Ертіс ауданында, қалғандары Павлодар қаласында дүниеге келген. Ең кішкентай баланың салмағы – 1,9 келі.
2 қаңтар күні облыста 14 қыз, 11 ұл дүниеге келді. Оның үшеуі – Екібастұзда, біреуі Баянауылда туған.
Еске сала кетейік, өткен жылғы Жаңа жыл қарсаңында 52 сәби дүниеге келген. Оның 33-і – ұл, 19-ы – қыз. Ең ірі сәбидің салмағы – 4466 грамм, бойы – 59 см болса, ең кішкентайының салмағы – 1380 грамм, ал бойы – 40 см.