Успен ауданында Президент Жолдауы қолдау тапты

Успен ауданында Президент Жолдауы қолдау тапты
Фото: Константин Шелков

Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Успен аудандық мәслихатының төрағасы Жасталап Бараисов Белоусовка ауылының тұрғындарымен Президенттің "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты биылғы Жолдауының негізгі ережелерін еске салып, одан әрі іске асырылуын талқылады.

Ауылдық мәдениет үйінің залында қандастар, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жиналды.

Осы Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде басталған саяси өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін реформалаудың негізі екендігіне баса назар аударып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған нақты бағыттарды ұсынды. Мемлекет басшысы Үкіметке үш жыл ішінде шешілуі тиіс тапсырмалар мен жаңа міндеттер жүктеді, - деп атап өтті Жасталап Бараисов.

Кездесуде ауылдықтар Жолдаудың міндеттерін іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мәселен, Белоусовка тұрғыны Елена Герцен қазақстандықтарды отандық өндірістің лайықты өнімдерімен қамтамасыз ету керектігі жайында сөз етті. Ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының тапсырмаларын бірауыздан қолдады.