Павлодар облысында 80 мың текше метр қарғын су сорғызылды
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурыздың сағат 08:00-дегі жағдайы бойынша автокөлік жолдарының 6 учаскесінде су басты: 1 облыстық және 5 аудандық маңызы бар. Сондай-ақ елді мекендердегі су тасқынына қарсы 9 учаскесі бақылауға алынды. Атап айтқанда, Павлодар қаласы, Павлодар ауданы, Ақтоғай, Тереңкөл, Успен, Ертіс аудандарында жұмыстар жүргізілуде.
– Өткен тәулікте 79 160 текше метр еріген су сорылды, 5824 текше метр қар шығарылды, 2510 дана қап төселді, 1985 тонна инертті материал төгілді, – деді департаментте.
Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 205 адам, 67 техника, 25 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.