Басын әйнектен шығарды: Екібастұзда той кортежінің жүргізушілері жазаға тартылды

Басын әйнектен шығарды: Екібастұзда той кортежінің жүргізушілері жазаға тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар басқа көліктерге кедергі жасап, қозғалыс жолында қауіп төндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел басқару орталығының қызметкерлері бірнеше көлік құралдарын байқады. Жүргізушілер «Стелла қаласы» автожолында жүріп келе жатып, жол ережесін өрескел бұзған. Бей-жай қарап қалмаған жүргізушілер заңсыз бұзушылықтарды телефонға түсірген. 

– Автокортежді достарының үйлену тойына орай жолдастары ұйымдастырды. Мерекелік сапар басқа көліктерге кедергі келтірді. Автокөліктер бір бағанаға тізіліп жүріп, көлік қозғалысына кедергі жасап, қауіпсіздікке қауіп төндірді, – деді департаментте.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әртүрлі баптары бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды. Бұзушылықтар маневр жасау, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзуға қатысты болды. Онда жолаушылар қозғалыс кезінде көлік терезесінен жартылай денесін шығарып, апаттық жағдай туғызды, қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, қайта басқа жолға тұру кезінде бұрылыс шамы қосылмады. Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізушілердің сақтандыру полисі болмағаны белгілі болды. 

– Mercedes-Benz, Lexus 570 brr 14, Toyota Prado және Toyota Camri маркалы үш автомобиль жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ, әр жүргізушімен мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді , – деді департаментте. 

Ведомство азаматтардың қауіпсіздігі басымдыққа ие екенін атап өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.