Успен ауданында сыраны заңсыз сатқан сатушының тәртібі сотта қаралды

Дүкеннің алкоголь өнімін сатуға лицензиясы бір айға тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Успен аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сот талқылауы барысында дүкен сатушысы жиырма бір жасқа толмаған адамға 6% сыраның бір банкасын сатқаны анықталды.
Сот жеке кәсіпкерді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданылуын 1 ай мерзімге тоқтата тұра отырып, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.