Павлодарда 400-ден астам үйге ыстық су берілді

Павлодарда 400-ден астам үйге ыстық су берілді

Алдағы уақытт күн сайын 80-ге жуық тұрғын үйге ыстық су беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жазда павлодарлықтардың үйлерінде ыстық судың болмау мерзімі барынша қысқартылатын болады.

- 24 сәуірден бастап 4 күн бойы қалада максималды есептік температураға, 2 мамырдан 11 мамырға дейін жылу желілерінің беріктігіне гидравликалық сынақтар өткізілген болатын. Сынақтардың қорытындысы бойынша 321 ақау анықталды. Қазіргі уақытта 172 ақау жойылды, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 409 көпқабатты тұрғын үйге ыстық сумен қамтамасыз етілді.