Павлодар облысына басқа елдерден сәбіз әкелінбеген
![Павлодар облысына басқа елдерден сәбіз әкелінбеген](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655f5ba3b97b1.jpg)
Фермерлердің қоймасында да сәбіз бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде көкөнісөсірушілер – шаруа қожалықтары ондаған мың тонна сәбізді сата алмай отырғаны туралы видео тарады.
Агроөнеркәсіптік кешен аумақтық инспекциясының ресми мәліметі бойынша, өңірге басқа елдерден сәбіз әкелінбеген.
Ауыл шаруашылығы басқармасы «Рахмет» базарында да мониторинг жүргізді, онда сәбізді облыстағы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеткізгені туралы ақпарат расталды.
Сәбізді сатуға көмектесу үшін әкімшілік Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктеріне, облыс әкімдіктеріне және облыстық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларына қолда бар сәбіздің көлемі мен шаруа қожалықтарының байланыс деректері көрсетілген хаттар жіберді.