Вице-министр Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі

Вице-министр Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол 9 желтоқсанда өңірге жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сапар аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдауды жоспарлауда.

Азаматтарды жеке қабылдау 9 желтоқсан сағат 14:30-да Павлодар қаласы М. Жүсіп көшесі, 35/1, («Достық үйі») өтеді.

Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771) 592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.