Жасыл болашаққа бірге қадам: Павлодарда «ЭКО серуен» жобасы жүзеге асырылуда

Жасыл болашаққа бірге қадам: Павлодарда «ЭКО серуен» жобасы  жүзеге асырылуда
Фото: автор

Шараға 14 пен 35 жас аралығындағы шамамен 20-ға жуық волонтер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жастар «Volunteer PVL» жобасы аясында өткен «ЭКО серуен» шарасында экологияны қорғауға арналған ойындар мен тазалық жұмыстарына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар бір реттік емес, тұрақты түрде игі дәстүрге айналған.

Біз үнемі қала ішінде де, табиғат аясында да санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл жолғы мақсатымыз – жастарды табиғатты қорғауға шақырып қана қоймай, оларды осы бағыттағы нақты әрекеттерге баулу, – дейді Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі Анастасия Егорович. 

«ЭКО серуен» сынды іс-шаралар жастардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға жол ашады. Волонтерлік пен экологиялық мәдениетті ұштастыра отырып, мұндай бастамалар болашақта таза әрі жасыл орта қалыптастыруға негіз қалайды.