Павлодарда көлік тұрағы ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Павлодарда көлік тұрағы ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушы айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесі, 178 мекенжайында «Hyundai» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «параллельді тұрақ» жол белгісін елемеген.

Жол белгілері немесе жол жүріс бөлігінің таңбаларындағы талаптарды сақтамағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 893 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.