Павлодарда есірткіге масаң күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Оған айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда Жібек жолы көшесінде полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде автокөлік басқарған жүргізушіні тоқтатты.
– Бұзушылық патрульдеу барысында анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде екені расталды, – деді департаментте.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бапқа сәйкес айыппұл салынып, көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.