Жасырын нөмір: Павлодарда жүргізуші айыппұл арқалады
Полиция аталған фактінің Мәшһүр Жүсіп көшесінде орын алғанын анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Іnstagram әлеуметтік желісіндегі @dp_pavlodar direct-іне жол жүру ережелерін бұзу туралы бейнежазба түскен. Бейнекадрда жүргізуші көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік құралын жүргізген.
– Автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Айта кетейік, облыс орталығында жыл басынан бері осындай бұзушылық үшін 350 жүргізуші жауапқа тартылған.