Тірекке соғылды: Павлодар облысында жолаушы көз жұмды
«ВАЗ-21093» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 желтоқсанда Екібастұз - Батыр бақылау пункті автожолының 18 шақырымында орын алған.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алайда, жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.