Жазда Ресейден Қазақстанға қатынайтын туристік чартерлік рейстер іске қосылмақ

Жазда Ресейден Қазақстанға қатынайтын туристік чартерлік рейстер іске қосылмақ
Сурет: gov.kz

РФ Туризм индустриясы одағының (РТО) вице-президенті Юрий Барзыкин Қазақстанға осы жазда ресейліктердің туристік чартерлік бағдарламаларын іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен ол туроператорлар кімдер және Каспий теңізіне қанша жиілікте туристер қатынайтынын нақтыламады. 

РИА Новости-дың хабарлауынша, ресейлік туристер арасында 2022 жылы чартерлер іске қосылған Дағыстан, Каспий теңізі бағытындағы сапарлар сұранысқа ие.

"Дағыстанда туристердің қызығушылығына ие бірегей әрі тарихи ескерткіштер бар. Каспий теңізі маңында төрт жұлдызды қонақ үйлер мен жайлы жағажайлар бар. Иә, өзге де мәселелер болуы мүмкін. Бірақ су жылы, құм ұсақ және баруға мүмкіндіктер бар", – дейді РФ РТО вице-президенті.