Екібастұзда мотоцикл тізгіндеген жасөспірімдер ұсталды
Мотоциклдер айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 шілдеде Екібастұз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған балаларды мотоцикл жүргізу барысында ұстаған.
– Ол жүру жылдамдығы сағатына 50 киллометр асатын қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген. Тәртіп бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мотоциклдер арнайы тұраққа қойылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.
Сонымен қатар, маусымның басынан бастап Екібастұз қаласында сегіз мотоцикл жүргізушісі түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартыллды.