Желтоқсан айының аяғында Павлодар облысында ауа райы құбылмалы болады

Желтоқсан айының аяғында Павлодар облысында ауа райы құбылмалы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аптаның басында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тұрақты ауа райы күтілсе, кейін қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ байқалады, ал апта соңында аяз күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 23 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы -10…-15°С, күндіз -3…8°С болады. 

24 желтоқсанда облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, бұрқасын болжануда. Сынап бағанасы түнде -6…-11°С, күндіз -1…-6°С-ты көрсетеді. 

25 желтоқсанда өңірдің батыс және оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -3…-8°С, күндіз 0…-5°С-қа дейін түседі.

26 желтоқсанда да жауын-шашын болады. Сынап бағанасы түнде -2…-7°С, солтүстікте -10°С-қа дейін, күндіз -3…+2°С, солтүстікте -6°С-ты көрсетеді.

Желдің жылдамдығы батыста секундына 15–20 метрге, оңтүстікте екпіні 23–28 метрге дейін жетеді.

27 желтоқсанда түнде қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -20…-25°С, күндіз -15…-20°С-қа, солтүстікте -23°С-қа дейін төмендейді.

Жексенбіде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағанасы түнде -20…-25°С, күндіз -15…-20°С, облыстың оңтүстігінде -12°С-ты көрсетеді.