Жыл басынан бері Қазақстанда емханаларға қаралу саны өсті
Жыл басынан бері Қазақстанда емханаларға 103 млн-нан астам қаралу тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсуді көрсетеді.
Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны 81,3 млн құрады, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн құрады.
Оң үрдіс ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде де байқалады. Осылайша, ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн, оның ішінде 9 миллионнан астамы үйде қаралуды құрады.
Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті.
Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында министрлік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық актілеріне, стандарттарына талдау жүргізіп, қайта қарады.
Атап айтқанда, пациенттің бағыты оңтайландырылды, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаудың нақты алгоритмі, талдаулардың тізімі және оларды зерттеп-қарау еселігі анықталды, пациенттерді динамикалық бақылаудың мультидисциплиналық тәсілі енгізілді.