Журналистерді көшпенділер ойындарына аккредиттеу ертерек жабылады
Бұл өтінімдердің көптігіне байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Шетелдік журналистерден өтінімдерді қабылдау мерзімінің қысқартылғаны туралы World Nomad Games 2024 телеграм-арнасында хабарлады. Тіркелу 20 тамыз (GMT+5) сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. Қазақстандық БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу мерзімі өзгеріссіз қалды -–1 қыркүйек (GMT+5) сағат 00:00-ге дейін.
Ұйымдастырушылар белгіленген мерзімде өтініш беруді сұрайды және түсіністік үшін алғыс білдіреді.
Тіркеуді мына сілтеме бойынша өтуге болады https://www.worldnomadgames.kz/ru/page/form-smi.