ІІМ павлодарлық полицейге қатысты ашылған тергеу жайлы мәлімдеме жасады

ІІМ павлодарлық полицейге қатысты ашылған тергеу жайлы мәлімдеме жасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары аяғы ауыр әйелді ұрғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

ОКҚ өткен баспасөз конференциясында тілшілер әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтан жүкті қызметкерін ұрған полицей туралы сұрақ қойды. 

– Полиция қызметкерлері тарапынан жасалған істер назардан тыс қалмайды. Олар бойынша әрдайым заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Бұл біздің ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласы. Аталған оқиғамен дәл осы департаменттің қызметкерлері айналысады,– деді Қайсар Сұлтанбаев. 

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы факт бойынша қызметтік тексерістің нәтижелерімен іс аяқталғаннан кейін бөлісетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, былтырғы жылдың 13 қазанында Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу басталған болатын.  Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.