Павлодардың солтүстік бөлігіне қашан ыстық су беріледі?

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ыстық су қосылатын күндері мен мекенжайлары көрсетілген үйлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Солтүстік жылу желілері аумағында сынақ жұмыстары аяқталды. 22 сәуірден бастап көпқабатты тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ыстық су беру басталды. Бүгінгі таңда 382 үйде ыстық су бар. Солтүстік желілік аумақтағы үйлердің қосылу мекенжайлары мен күндері сілтемеде көрсетілген.
Оңтүстік желілік ауданында сынақ жұмыстары жалғасуда.