«Қала бояулары»: павлодарлықтарды өз қаласын суретке салуға шақыруда

Үздік сурет авторлары сыйлықтарға ие болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда қала күніне арналған «Қала бояулары» өнер байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда. Ұйымдастырушылар сурет салуды ұнататын және туған жердің пейзаждарынан шабыт алатындардың барлығын жағалаудағы үлкен көше көрмесінің бір бөлігі болуға шақырады.
Байқауда 16 жастан бастап Павлодар қаласы мен облыс тұрғындары қатыса алады. Конкурс екі номинация бойынша өтеді – кәсіби суретшілер мен өнерпаздар арасында.
Қосылу үшін https://forms.gle/bCuuP1Licak9xJtr8 сілтемесі бойынша нысанды толтырып, жұмысыңыздың фотосуретін немесе сканерін жоғары сапада жүктеп, көшірмесін smk.kaz.ca@gmail.com электронды поштасына тақырып жолында: «Қала бояулары» байқауы белгісімен жіберу керек.
Жұмыстар 2025 жылдың 17 шілдесіне дейін қабылданады.
Қорытынды көрме, жеңімпаздарды марапаттау және мерекелік шаралар қала күні жағалауда өтеді. Үздік өнерпаздар сыйлықтар мен дипломдарға ие болады.
Қосымша ақпаратты 8 777 625 42 38 (Александра) телефоны арқылы немесе ұйымдастырушылардың Instagram аккаунты - @smk_kaz арқылы алуға болады.