Павлодар облысында қанша адамға жұмысқа орналасу үшін қолдау көрсетілді?

Павлодар облысында қанша адамға жұмысқа орналасу үшін қолдау көрсетілді?
Фото: pexels.com/Kampus Production

Бұл мәселе бойынша өңірде бірнеше жоба қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ағымдағы 10 ай ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 18 мың облыс тұрғыны қамтылды.

– 12,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 6,6 мың адам тұрақты жұмысқа, субсидияланатын жұмыс орындарына 6 мың адам орналастырылды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.

Әлеуметтік жұмыс орындары 971 адам, жастар практикасы 1134 адам, қоғамдық жұмыстар 2683 адам, «Алғашқы жұмыс орны» 314 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» 18 адам, «Күміс жас» жобаларына 864 адам қатысты. Қысқа мерзімді оқытуға 404 адам жолданды.

– Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2683 жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 2443 оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1886 адам қамтылды, оның ішінде 1159 адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарынан 405 адам грант алды, – деп атап өтті басқармада.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларына қатысу үшін облыс тұрғындары тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына жүгінуі немесе enbek.kz порталы арқылы өтінім беруі қажет.