Павлодар облысының тас жолында елуден астам көлік тұрып қалды

Павлодар облысының тас жолында елуден астам көлік тұрып қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Техникалар Шідерті кентінің бекетінде жиналған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 52 техниканың 22-сі – жүк, 30-ы – жеңіл көлік. 

– Жергілікті атқарушы органдар 171 жылыту пунктін дайындады. Қосымша жылыту пункттері ретінде екі тас жолдағы медициналық-құтқару пункті, 12  жол-құтқару учаскесі мен пункті, үш мобильді пункт (вахталар) пайдаланылады. Жалпы сыйымдылығы 15 мың адамға арналған 188 жылыту пункті бар, – дейді департаментте. 

ТЖ департаментінде көлік және жол басқармасы, сондай-ақ «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлерінен тұратын жедел топ және  207-112 сенім телефондары жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде  оңтүстік-батыс желі 15-20, екпіні 25 м/с құрайды.