Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Баянауылда танымал жұлдыздар ән шырқайды

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Баянауылда танымал жұлдыздар ән шырқайды
Фото: Константин Шелков

Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар және Еркін Нұржанов мерекелік концертте өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

16-17 тамыз күндері Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтой аталып өтіледі. 

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше,  кешенді іс-шаралар аясында 16 тамызда Баянауыл ауылының мәдениет үйінде ақындар айтысы, 17 тамыз Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Әлкей Марғұланға арналған кітаптардың тұсаукесері, Баянауыл ауданы Мойылды шатқалында ақындар айтысының екінші кезеңі өтеді. Айтыстан кейін Қазақстан эстрада жұлдыздары – Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар және Еркін Нұржанов өнер көрсетеді. 

Айта кетерлігі, академиктің 125 жылдығына орай жыл басынан бері 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Әлі де жыл соңына дейін 100-ден аса шара өткізілмек.