Павлодарда ұлттық құндылықтар фестивалі өтті

Павлодарда ұлттық құндылықтар фестивалі өтті
Фото: Екатерина Полещук

Әр аудан мен қаланың тұрғындары шығармашылық нөмірлер дайындап, киіз үйлерді құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.  

Облыс орталығында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» деген шара өткізілді. Оған өңірдің аудан мен қаланың бастамашыл тұрғындары қатысып, қолөнер шеберлігін көрсетіп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртты.

Мысалға, Павлодар ауданынан сүт өнімдері мен ұлттық тағамдар әкелінді.

– Тіл үйіретін бауырсақтардың түр-түрі болған дастарханды жайдық. Біздің әжелер қымыз, наурыз көже мен құрттың қалай дайындалатынын айтып берді,– деді Павлодар аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Өміргүл Нұхтар.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, шара арқылы жас ұрпаққа елдің ұлттық дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті оятуға тырысты.