Қар, боран: Павлодар облысында 3 ақпанға арналған ауа райы

Қар, боран: Павлодар облысында 3 ақпанға арналған ауа райы
Фото: Константин Шелков

Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 9-14, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында боран болады. 

Түнде -15...-20℃, күндіз -5...-10℃ аяз күтіледі.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, таңертең және түстен кейін қар жауады. 

Ауа температурасы түнде -16...-18℃, күндіз -6..-8℃ көрсетеді.