Жауынгерлік медаль иесінің туыстары Павлодар облысында табылды
1967 жылы қайтыс болған Ұлы Отан соғысының ардагері Ақсуда жерленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитовтың айтуынша, аға сержант Григорий Калюгтің төрт баласы бар. Үлкен ұлы Алексей 50-ші жылдары Ертіс ауданы Голубовка ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. 2019 жылы Ақсуда тұрған. Алексей мен оның ағасы Владимирдің ұрпақтары – Омбыда, Николайдың балалары Ақсуда тұрады.
– Медаль белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен, – дейді Александр Шитов. – Ал бүгін майдангердің ұрпақтары табылды, туыстары мұндай жағдайдың болуы мүмкін екеніне сенбейді. Олардың бойын қуаныш кернеді. Өткеннен хабар беретін жәдігер отбасылық мұраға айналады.
Естеріңізге сала кетейік, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі Григорий Илларионович Калюгке 1945 жылы 6 сәуірде табысталды. Бұл марапатты «Майдан жолы» іздеу жасағына өткен жылдың 3 желтоқсанында Ақсу тұрғындарының бірі тапсырды. Медальон Беловка ауылының жанынан табылды.