Қазақсандық үш балуан қыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақсандық үш балуан қыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazinform

Қазақстандық Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова мен Эльмира Сыздықова (76 келі) іріктеуден кейін келесі айналымға өтті.

Енді жартылай финалда Яхьярова Оңтүстік Корея өкілі Кёнг Рёнг Охпен, Каюмова моңғолиялық Анудари Батхуягпен, ал Сыздықова қырғызстандық Айпери Медетқызымен күреседі.