«Қазақстан алюминийі» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп берді

Кәсіпорындарда шығындар мен тиімділік есептелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп берді. Құжатта бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы көрсетілген. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне, оның ішінде қаржылық есептілікке қол жеткізілгені туралы ақпараттар бар.
Айта кетейік, «Қазақстан алюминийі» АҚ Қостанай және Павлодар облыстарындағы кеніштерде өндірілетін боксит пен әктастан алюминий тотығын шығарады. Құрамына Павлодар алюминий зауыты, ЖЭО-1, Краснооктябрь кеніш басқармасы (Қостанай облысы), «Керегетас» әктас кеніші (Павлодар облысы) кіреді.
Серіктестік материал