Павлодар облысы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен 250 млн доллардың саудасын жасаған

Павлодар облысы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен 250 млн доллардың саудасын жасаған

Облыс экспортқа көбіне металдар мен олардан жасалған бұйымдар шығарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша статистика департаменті өңірдің Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттермен сауда көрсеткіштерін жариялады. 

Облыстың 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 245,1 млн АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында, экспортқа тауардың 54% кетті, облыстан 132,4 млн доллардың көлемінде тауар шығарылды. Импорт 46% құрап, облысқа әкелінген тауарлар көлемі 112,7 млн долларды құрады.

- Облыстың экспорт құрылымында Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына, Армения, Қырғызстанға минералды өнімдер, қымбат емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері басым болды, - деді департаментте. 

Облысқа ЕАЭО елдерінен көбінесе қымбат бағалы емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар, машиналар, жабдықтар мен механизмдер, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері әкелінді.

Фото: ашық дереккөздерен