Павлодар облысында кәсіпкерлер саны артты

Олар негізінен көтерме және бөлшек саудамен айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 ақпандағы жағдай бойынша облыста 56 819 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Ең көбі, 26 мың, көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. Одан кейін ауыл, орман және балық шаруашылығы – 7,5 мыңнан астам кәсіпорын, 6,2 мың түрлі қызмет көрсетеді, тағы бес мыңға жуық кәсіпорын көлік және қойма шаруашылығымен, төрт мың ұйым құрылыспен айналысуда
– Соңғы бес жылда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны он мыңнан астам өсті, – дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Кәсіпорындардың көпшілігі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тіркелген. Бұл санға облыстағы 5513 шаруа қожалығы да кірді. Өткен жылдың тоғыз айында олар 1,2 триллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 200 миллиардтан артық.
Басқарма облыс тұрғындарының экономиканың барлық саласында өз бизнесін дамытуға мүмкіндіктері бар екеніне сенімді. Кәсіпкерлерге бизнес санатына қарай несие, 8-10 пайыздық жеңілдікпен қаржылық лизинг беріледі. Ал кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда несие сомасының 50-85 пайызы көлемінде кепілдік беріледі
Әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындар бес миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік грантқа өтініш бере алады. Ол үшін әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енуі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болуы керек.
– Жобаны жиырма пайызға қоса қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жобаны жүзеге асыру үшін инфрақұрылымны болуы қажет, – деп нақтылады ведомствода.
Билік шағын және орта бизнес субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды максималды құны бір миллиард теңгемен қамтамасыз ете алады. Бұл шама шектен асып кетсе, мәселені экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия шешетін болады. Ең көбі бес миллиард теңге алуға болады, бірақ инвестиция көлемі коммуникация құнынан екі есе көп болуы қажет, өйткені тек бизнес-жобаға дайындық деңгейі отыз пайыздан кем емес кәсіпорындар қаржыландырылады.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржылық емес қолдауды кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыруда. Мұндай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары облыстың барлық қалалары мен аудандарында бар. Өткен жылы олардың қолдауын 468 адам пайдаланған. Орталықтар қызметтің бірнеше түрін көрсетеді: бухгалтерлік есеп және салық есебі, статистикалық есеп беру, маркетинг мәселелері, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу. Өткен жылы орталық кәсіпкерлерге 135 бизнес-жоспар әзірлеуге, 500 миллион теңгеден астам сомаға 30 жобаны қаржыландыруға және 71 жұмыс орнын ашуға көмектесті.
Шағын және орта бизнеспен облыс тұрғындарының басым бөлігі Май ауданында айналысады. 2023 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында бұл салада 4094 ауыл тұрғыны еңбек етсе, өткен жылдың осы кезеңінде – 9861 адам. Успен, Ақтоғай және Шарбақты аудандарының көрсеткіштері де жақсы.