Қазақстан экономикасы жарты жылда өсті

Қазақстан экономикасы жарты жылда өсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ең жоғары өсім құрылыс пен өңдеу өнеркәсібінде тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің көлемі 70,9 триллион теңгеден асты.

Нақты мәнде ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті.

Экономика салалары арасында ең жоғары өсім құрылыста байқалды – 15,2 пайыз. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 9,8 пайызды, көлік және қоймалауда 7,1 пайызды құрады.

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласы 5,7 пайызға, ал ауыл, орман және балық шаруашылығы 4,4 пайызға өсті.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісінің үлесі 36,4 пайызды, қызметтер өндірісінің үлесі 55,4 пайызды құрады. Экономикадағы ең үлкен үлес өнеркәсіпке тиесілі – 28,6 пайыз.

ЖІӨ өсіміне ең көп үлесті өңдеу өнеркәсібі қосты – 1,25 пайыздық тармақ. Одан кейін көтерме және бөлшек сауда – 0,93 пайыздық тармақ және құрылыс – 0,79 пайыздық тармақ.