Қазақстан Журналистер одағы жалған ақпарат туралы ескертеді

Қазақстан Журналистер одағы жалған ақпарат туралы ескертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желідегі таралып жатқан ақпарат фейк болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының мәліметінше, интернет-алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісіне ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың атынан тіркеліп, одақ мүшелеріне жалған ақпарат таратуда. Сондықтан ҚР Журналистер одағы журналистерге алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертеді.

Осыған орай әріптестерімізді алаяқтардың қауесеттері мен шабуылдарына сенбеуді және күмәнді жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуды, сондай-ақ дүрбелеңге бой алдырмауға және негізсіз қауесеттерге назар аудармауды сұраймыз.

Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі алаяқтардың әрекетінің жолын кесу үшін жұмыс істеуде.