Қазақстанда аяқ киім қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда аяқ киім қымбаттауы мүмкін
Сурет: pixabay

 Елімізде аяқ киім 20% қымбаттауы мүмкін. Бұл биыл 1 сәуірден бастап күшіне енетін аяқ киімді таңбалау туралы заңға байланысты енгізіліп отыр, яғни әр аяқ киімді таңбалау кәсіпкерлер үшін қосымша шығын, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанда 1 сәуірден бастап арнайы таңбасы жоқ аяқ киімдерді сатуға тыйым салынады. 

"Мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Демек QR код алып, таңбалай қоятындай жеңіл процесс емес. Алдымен сен кодты аласың, одан кейін оны іске жарайтындай етіп, іске қосасың. Одан кейін әр кодты елге кіргізу үшін арнайы базаға енгізесің. Ең қиыны сол. Түсінесіз бе, әр кодты бөлек жүктейсің. Мәселен, ең аз дегенде 4 500 жұп аяқ киім болса, соның әрқайсын реестр сайтына енгізіп отырасың. Мұның барлығы кәдімгі күш. Қосымша еңбек күші қажет болады. Уақыт алатыны және бар. Әрі қып-қызыл шығын", - дейді сатушы Дәмир Жексембеков.

Алайда жауапты мамандар мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, бір жұп аяқ киімді таңбалау құны бар болғаны 2 теңге 68 тиын.