Қазақстанда мүгедектікті растау жеңілдейді

Қазақстанда мүгедектікті растау жеңілдейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2025 жылдан бастап елімізде мүгедектікті растау жеңілдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

–  Аяғынан, қолынан айырылған азаматтардың отасы өткен күннен кейін оларға мүгедекті автоматты түрде мерзімсіз уақытқа тағайындаймыз. Яғни ол жеңілдейді. Оған қоса балаларға туған кезден бастап қойылған кейбір диагноздарына (мысалы, Даун синдромы) сол күннен бастап мерзімсіз уақытқа растау құжатын береміз, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Ол қазіргі күні министрлік осындай 6 диагноздан жұмысты бастағанын айтты.

Бұл шешімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе әзірлеп жатыр.

Жақыпованың айтуынша, енді осындай проблемасы бар шалғайда тұратын азаматтарымыздың мәселесі шешімін табады.